Балтам тап!
Балтам тап! - жастар ойнайтын ұлттық ойын. Қазақы ұғымда бір жұмысты аяғына дейін тындырмай, бір-біріне сілтеп, тиянақ таппағанда «балтам тaп ойнағандай» деп кейіс білдіретін сөз бар. "Балтам тап!" - жастардың бір-бірін қыжыртып ойнайтын ойыны. Ойынға жиырма-отыз адам қатысады. Ойыншылар малдас құра шеңбер жасап, дөңгелене отырады да, қолдарын артына ұстап, жасырын түрде ұсақ затты (сақина, асық) бір-бірінің қолына береді. Шеңбер ортасындағы ойыншы қолдан-қолға берілген заттың кімде екенін табуы керек. Егер тапса, шеңбер құрған ойыншылардың арасына кіреді де, шеңбер ортасына басқа ойыншы шығады. "Балтам тап!" ойынына ұқсас "сақина тастамақ" ойыны да бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>