Балтам тап!

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балтам тап! - жастар ойнайтын ұлттық ойын. Қазақы ұғымда бір жұмысты аяғына дейін тындырмай, бір-біріне сілтеп, тиянақ таппағанда «балтам тaп ойнағандай» деп кейіс білдіретін сөз бар. "Балтам тап!" - жастардың бір-бірін қыжыртып ойнайтын ойыны. Ойынға жиырма-отыз адам қатысады. Ойыншылар малдас құра шеңбер жасап, дөңгелене отырады да, қолдарын артына ұстап, жасырын түрде ұсақ затты (сақина, асық) бір-бірінің қолына береді. Шеңбер ортасындағы ойыншы қолдан-қолға берілген заттың кімде екенін табуы керек. Егер тапса, шеңбер құрған ойыншылардың арасына кіреді де, шеңбер ортасына басқа ойыншы шығады. "Балтам тап!" ойынына ұқсас "сақина тастамақ" ойыны да бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балтам тап!|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}