Байтақкөл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл БайтақкөлТорғай алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Нұра кентінің оңтүстік-батысында 16 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 76 м жоғары жатыр.

Гидрографикасы

Аумағы 45 км2, тереңдегі 3 м дейін. Көктемгі қар және Торғайдың жайылма суымен толығады, қуаң жылдары тартылып қалады. Қарашасәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы көктемде тұщы, жаздың ыстық кезінде ащы.

Жағалау сипаты

Көлге Торғай, Ырғыз өзендерінің тарамдары құяды. Жиегі қамысты келеді. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады. Көлден балық, құс ауланады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер