Ақтөбе 3 (Күйіктік) қалажұрты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Ақтөбе 3 (Күйіктік) қалажұртыТүркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген I-VIII ғасырларға жататын археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Қоғам ауылының солтүстігінде 13 км жерде орналасқан.

Сипаты

1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышев) зерттеген.
Қала үш бөліктен тұрған. Цитаделі диаметрі 50 м, биіктігі 5 м төбе түрінде, шахристанның батыс бөлігінде орналасқан. Цитадель қабырғалары тіктеу, жоғары жағының диаметрі 35 м. Шахристан шаршы 110×110 м, тәріздес болып келген, ол цитадельден аласалау, биіктігі 3-3,5 м. Қалаға оңтүстік жағынан кіретін болған. Шахристанның шығысында рабад орналасқан. Оның диаметрі 120 м, биіктігі 1,5 м. Қала айналдыра ормен қоршалған, қазір оның орны ені 10-15 м сай болып қалған. Төбеден жиналған материал Пұшық, Ақайтөбе және Қостөбе (оңтүстік) материалдарымен бірдей.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы, Отырар ауданы, Алматы 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер