Ақжарық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:03, 2024 ж. мамырдың 4 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

АқжарықҚарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Қызыларай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Орталық Қазақстанның ең биік тауы Ақсораңның (1565м) етегінде, аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы

Іргесі ұжымдастыру кезеңінде 1926 жылы құрылған. Округ аумағында 1930-1940 жылдары «Мәдениет», «Жұмыскер», «Кеңасу», «Үміт», «Бесата», «Қалмақбас» ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1950-1990 жылдары «Қызыларай» кеңшарының және ауылдық кеңесінің орталығы. Округ аумағында Қарасиыр кен орны болған. Кеңасу, Тесіктас таулары, Мамай асуы, мәдени мұралар - балбал тастар бар. Шаруашылықтың мамандырылған негізгі бағыттары — қой шаруашылығы, қосымша саласы — егін шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы — 256,0 мың га.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref><ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
1025 Үлгі:Құлдырау696 Үлгі:Құлдырау438 62,9 368 Үлгі:Құлдырау233 63,3 328 Үлгі:Құлдырау205 62,5

Инфрақұрылымы

Мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана және басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Кеңшар негізінде 57 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Балқаш темір жол стансасы 270 км жерде.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы)