Ақжарық
Ақжарық — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Қызыларай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Орталық Қазақстанның ең биік тауы Ақсораңның (1565м) етегінде, аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы
Іргесі ұжымдастыру кезеңінде 1926 жылы құрылған. Округ аумағында 1930-1940 жылдары «Мәдениет», «Жұмыскер», «Кеңасу», «Үміт», «Бесата», «Қалмақбас» ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1950-1990 жылдары «Қызыларай» кеңшарының және ауылдық кеңесінің орталығы. Округ аумағында Қарасиыр кен орны болған. Кеңасу, Тесіктас таулары, Мамай асуы, мәдени мұралар - балбал тастар бар. Шаруашылықтың мамандырылған негізгі бағыттары — қой шаруашылығы, қосымша саласы — егін шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы — 256,0 мың га.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1025 | Үлгі:Құлдырау696 | Үлгі:Құлдырау438 | 62,9 | 368 | Үлгі:Құлдырау233 | 63,3 | 328 | Үлгі:Құлдырау205 | 62,5 |
Инфрақұрылымы
Мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана және басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Кеңшар негізінде 57 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Балқаш темір жол стансасы 270 км жерде.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>