Жұмахан Балапанов ауылы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:26, 2026 ж. ақпанның 3 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету
Жұмахан Балапанов ауылы (2005 жылға дейін Қызылащы) — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Қызылащы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде, Шыбынды тауының солтүстігінде, Қызылащы өзені бойында.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1958 | Үлгі:Құлдырау1696 | Үлгі:Өсім1717 | 101,2 | 886 | Үлгі:Өсім889 | 100,3 | 810 | Үлгі:Өсім828 | 102,2 |
Тарихы
Іргесі 1929 жылы “Қызылащы” ұжымшары ұйымдастырылғанда қаланды. Ауыл 1980-1997 жылдары Киров атындағы қой өсіретін және егіншілікпен айналысатын кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қызылащыда және округке қарасты Қарасу ауылында бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауыл төңірегінде Тамшылы су құламасы бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том.</ref>