Үшарал (қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ҮшаралҚазақстандағы қала (1984 жылдан), Алматы облысы Алакөл ауданының орталығы (1928).

Облыс орталығы Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 281 км жерде, Тентек өзеннің жағалауында орналасқан.

Тұрғыны 16,3 мың адам (2010). Іргесі 1871 жылы қаланған.

Атауы

Қаланың батыс жақ тұсынан Тентек өзені үш тарамға бөлініп ағатын болғандықтан «Үшарал» атанған.

Экономикасы

20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін қалада қызмет атқарған ауыл шаруашылығы техника бірлестігі, баспахана, нан, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, орман шаруашылығы, көлік, құрылыс кәсіпорындары, мал дәрігерлік стансасы, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде АҚ, ЖШС мен шаруа қожалықтары құрылды.

Әлеуметтік салада аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, санэпидстанса, дәріханалар, 5 орта мектеп, гимназия, музыка, спорт мектептері, ауыл шаруашылық лицейі, 2 балабақша, мәдениет сарайы, халық театры, мешіт, т.б. мекемелер бар.

Қала арқылы республикалық маңызы бар АлматыТалдықорғанСемей автомобиль жолы өтеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Алакөл ауданы елді мекендеріҮлгі:Kz-geo-stub