Ақмарал Леубаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Ақмарал Леубаева (1969 жылы 10 қазанда Түркістан облысы Бәйдібек ауданында туған) — айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Филология ғылымдарының кандидаты (2007). Бәйдібек ауданының құрметті азаматы (2006).

Толығырақ

Еңбек жолы

Шығармашылығы

  • Ақмарал Леубаева айтысқа 1988 жылдан қатыса бастады. Ақиық ақын М. Мақатаевтың 60 жылдығына, қоғам қайраткерлері А. Байтұрсыновтың 100 жылдығына, С. Қожановтың 150 жылдығына, Т. Рысқұловтың 100 жылдығына, ұлы Абайдың 150 жылдығына, жыр алыбы Жамбылдың 150 жылдығына арналған және батыр Б. Бейсекбаевты еске алуға арналған айтыста, Қарасай батырдың 300 жылдық және көрнекті жазушы С. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойларына орай өткен республикалық, халықаралық айтыстарда жүлделі орындарды иеленген.
  • «Ақмарал» атты авторлық әндер жинағының аудиотаспасы жарыққа шықты (2004). «Қазіргі ақындар айтысының» 2 томдығына айтыстары енген (2004). Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының қолдауымен Түркия, Германия, Қытай мемлекеттерінде қазақ өнерінің насихатталуына кеңінен үлес қосты (2004).
  • 2007 жылы «Қазақ шешендік өнерінің көркемдік-тағылымдық мәні» атты ғылыми диссертация қорғап, «филология ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді.
  • «Сіз үшін» жыр жинағы мен «Іңкәр жүрек» атты ән топтамасы бар.

Марапаттары