OLX

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:16, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

OLX (OnLine - Marketing) — қолданылған тауарларды, оның ішінде жиһаз, музыкалық аспаптар, спорт тауарлары, автомобиль, сәбилер мен жасөспірімдерге арналған заттар, мотоциклдер, фотоаппарат, ұялы телефон және көптеген өзге де заттарды сатуға арналған онлайн сауда орнымен қамтамасыз ететін компания. Оның қызметі интернет арқылы және смартфондардағы арнайы қосымшалар арқылы қол жетімді. Компанияның штаб-пәтері Буэнос-Айресте (Аргентина) орналасқан. OLX-тің 106 елде кеңсесі және жергілікті өкілдіктері бар. олардың ішінде Ангола, Аргентина, Бангладеш, Бразилия, Босния және Герцеговина, Колумбия, Үндістан, Индонезия, Португалия, Польша, Перу, Румыния, Мажарстан, Болгария, Панама, Швейцария, Украина, Оңтүстік Африка Республикасы, Кения, Нигерия, Тайланд, Филиппиндер, Пәкістан, Гана, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б.<ref>"OLX Announces Expansion in Eleven International Markets". </ref>

Компанияның негізі 2006 жылы наурызда Фабрис Гринда мен Алек Оксенфорд атты интернет-кәсіпкерлермен қаланды. Қазіргі уақытта OLX ғаламдық медиа және электроникамен айналысатын Naspers компаниясына тиесілі.<ref>"Ecommerce". naspers.com. </ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Reflist