Академиялық театр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Академиялық театр — жетекші және тарихы бай театрларға берілетін құрметті атақ. 1919 жылы енгізілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>

Алғашқы академиялық театр атағы Ресейдің байырғы музей және драма театр ұжымдарына (мысалы, Мәскеудегі Үлкен, Кіші, Көркем театрлар мен Санкт-Петербургтегі Александрин, Мариин және Михайлов театрларына) берілді. 1920 жылы Мәскеу мен Санкт-Петербург театрлары академиялық театр ассоциациясына (1921 жылға дейін) бірікті. Оның “Культура театра” деген баспа органы болған. 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында театр өнерінің дамуына байланысты орыс, украин, татар және өзбек театрлары да осы атаққа ие болды. Бұдан кейін қазақ (Қазақ драма театры, 1937; Қазақтың опера және балет театры, 1941), тәжік, түрікмен, қырғыз театрларына да осы атақ берілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала