Ғайни Хайруллина

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хайруллина Ғайни (27.3. 1914, қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы — 22.12.1967, Алматы) — актриса, режиссер, Қазақ КСР-інің халық арт. (1958). 1938 ж. Ленинградтың (Санкт-Петербург) Мемл. сахна өнері техникумының (кейіннен Театр, музыка және кинематография ин-ты) қазақ студиясын, ал 1956 ж. Мәскеу қаласындағы Мемл. театр өнері ин-тының реж-лік ф-тін бітірген. 19381961 ж. Шымкент облысы қазақ драма театрында актриса, реж. және бас реж., сондай-ақ 19471949 ж. Жамбыл облысы қазақ драма театрының көркемдік жағын басқарды. Бұл театрларда ұлттық драматургиядан М.Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыланды” мен “Қарагөз”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, М.Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”, сонымен қатар классик. туындылардан К.Гольдонидың “Екі мырзаға бір қызметкер”, О. де Бальзактың “Өгей шеше”, Н.В. Гогольдің “Ревизор”, А.Н. Островскийдің “Жазықсыз жапа шеккендер”, т.б. драматургтардың пьесаларын қойып, өзі Қарлыға, Жүзтайлақ, Назым (Әуезов, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Түнгі сарын” және “Сын сағатта”), Шаблова, Кручинина (Островский, “Кешіккен махаббат” пен “Жазықсыз жапа шеккендер”), леди Микфорд (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), т.б. рөлдерді орындады. Шымкент облысы қазақ драма театрында классик. шығармаларды қоюда көп еңбек сіңірді. Көбіне орындайтын кейіпкерлерінің лерінің мінез кереғарлығын, драм. бояуын баса көрсетуге ұмтылу, оның актерлік өнеріне тән сипат болатын. 19611964 ж. Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Қазақтың мемл. академ. жастар мен балалар театры) бас режиссері болды. 1964 жылдан Алматы мемл. өнер ин-тында (қазіргі Алматы мемл. консерваториясы) пед. қызметпен шұғылданды. “Құр-мет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала