Ақылмен және балғамен (кітап)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:29, 2015 ж. желтоқсанның 16 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақылмен және балғамен - Мәскеудегі саяси әдебиеттер баспасынан 1975 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Авторы — жазушы А.И.Брагин. Еңбек шағын 9 тақырыпқа бөлінген. Онда Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына кеңінен тоқталған. Жастық шағы, төңкеріс комитеті мен Баянауылдағы халық сотындағы қызметі, омск технология институтындағы студенттік жылдар, ұстазы М.А.Усов, Жезқазған-Ұлытау аймағының кен байлығын іздеу, Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық еңбегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясыны құру, КСРО парламент делегациясы құрамында Англияда болуы кітапта жан-жақты баяндалады. Көпшілік оқырман қауымға арналған. Көлемі 5,81 баспа табақ. Таралымы 100 мың дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub