Яруллин Санғат Саматұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Яруллин Санғат Саматұлы (9.9.1941 жылы туған, Қазан қаласы) – театр суретшісі, кескіндемеші. 1962 жылы Қазан көркемсурет училищесін бітірген. Ленинград (қазіргі Санкт - Петербург) қаласындағы Комедия театрында Н.П. Акимовтың жетекшілігімен стажировкада болып, мамандығын шыңдаған. Әуелі Ресей театрлары ұжымында (1963 – 65 жылдары) театр суретшісі болып, кейіннен Қазақстанда қызмет етті. Солтүстік Қазақстан облысы орыс драма театрында бас суретші (1965 жылдан) ретінде еңбек етіп, 150-ден астам спектакльдерді көркемдеп безендірді. <ref>1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub