Шариф Ханафияұлы Ярмұхамедов
Ярмұхамедов Шариф Ханафияұлы (17.2.1927 ж.т., Қырғызстан, Пржевальск қ.) – техника ғылымының докторы (1983), профессор (1985). Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы Қырғыз педагогика институтын бітірген (1951) соң Қырғыз қыздар педагогика институтында оқытушы (1951–61), кафедра меңгерушісі (1961–66), Донецк мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1973–78), профессор (1985), Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында кафедра меңгерушісі (1985–96, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), профессор қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғылыми еңбектері композициялық жұқа қабаттар мен материалдарды алудың ғылыми негізін жасауға арналған. 172 ғылыми жарияланымның авторы. 8 өнертабыстың иегері. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>