Мірхайдар Раманқұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мірхайдар Раманқұлов (25.3.1942 жылдары туған, Шымкент ) – әскери қайраткер, генерал-майор (1991). Шымкент политехникалық техникумын (1960), Қазақ химия-технология институтын (1964) бітірген. 1965 – 67 жылдары Қарағанды ет комбинатында механик, цех бастығы, 1967 – 68 жылдары Оңтүстік Қазақтан облыстық атқару комитетінің аппаратында аға инженер, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) Мәскеу қаласы ндағы Жоғары мектебін бітірген (1970). 1970 – 76 жылдары МҚК Оңтүстік Қазақстан облысы басқармасында оперативтік қызметтерде. 1976 – 80 жылдары МҚК Маңғыстау облысы басқармасы бастығының көмекшісі, 1981 – 84 жылдары МҚК Ақмола облысы басқармасында бөлім бастығы, 1984 – 87 жылдары МҚК Шығыс Қазақcтан облысы басқармасы бастығының орынбасары. 1987 – 91 жылдары МҚК Ақмола облысы басқармасының бастығы, 1991 – 95 жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының орынбасары, 1995 – 96 жылдары «Рахат» ЖК бас директорының орынбасары. 1996 – 98 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы, 1998 жылдан «Group 4 Securіtas Kazakhstan» ЖАҚ филиалының директоры. Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала