Карина Абрекқызы Абдуллина
Үлгі:Infobox Biography Абдуллина Карина Абрекқызы - 1976 жылы 13 қаңтарда Алматы қаласында туған. Татар.
Әкесі - Абдуллин Абрек Ришатұлы, зейнеткер, опера әншісі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық oпepa және балет театрының солисі болған. Анасы - Львова Ольга Михайловна, марқұм, пианист, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының концертмейстері болған.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультетін бітірген (1998), пианист, концертмейстер, педагог-музыкант, камералық ансамбльдің солисі.
«Мюзикола» дуэті әндерінің көбісінің музыкасы мен мәтіндерінің; «Арман қыз» өлең кітабының авторы.
С. Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» көркем драмасына түскен (Мария).
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
1992 жылдың мамыр айынан бері - «Мюзикола» танымал дуэтінің солисі.
«Big Apple Music 96» (Нью-Йорк) халықаралық танымал музыка конкурсы бірінші сыйлығының лауреаты. ҚР Президенті қорының мәдениет саласындағы 3 номинациясы сыйлығының лауреаты: «Эстрада-цирк өнері»; «Әдебиет» («Арман қыз» өлеңдер жинағы үшін); «Кинематограф» («Мұстафа Шоқай» кинофильміндегі Мария рөлі үшін, 2009). «Утренняя звезда» музыкалық конкурсындағы басты жүлденің иегері (Мәскеу, 1994).
Діни көзқарасы - христиан діні.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Өзгені пір тұтпа...»
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мен Нострадамус емеспін».
Хоббиі - веб-дизайн.
Сүйіп оқитын әдебиеті - Р. Гари, М.Ю. Лермонтов, Ш. Петефи.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Мамедов Низами Джаганжирұлы, «Меломан» компаниясы ұлттық жобалар департаментінің бастығы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>