Рахманов Уагиф
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Рахманов Уагиф (Вагиф) Юсуфоғлы (12.3.1940 жылы туған, Баку қаласы) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1981). 1965 ж. Мәскеудің көркемсурет институтын бітірді. 1965 - 70 ж. Алматы көркемсурет училищесінде (қазіргі Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) сабақ берді. "Спортшы қыз портреті" (1966), "Ойға шому" (1967) мүсіндері мен Талдықорған қаласындағы Черкасск қорғаны қаһармандарына (1972) тұрғызылған мүсін-ескерткіштердің авторы. Рахманов еңбектері үйлесімді әсемділігімен ерекшеленеді. 1999 жылдан Канадада тұрады.
<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify