Төрегелді Бекниязов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Төрегелді Бекниязов - (8.7.1948 жылы туған, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылы) - ғалым, филология ғылымының кандидаты (1992), доцент (1994). ҚазҰУ-ды бітірген (1973). 1973- 78 жылдары Қазақ радиосында редактор, 1978 - 85 жылдары "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің тілшісі, 1985 - 93 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1993 - 94 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы қызметтерін атқарған. 1994 жылдан ҚазҰУ-дың доценті.
Шығармалары:
- Журналистика терминдері. Алматы, 1995;
- Журналистің творчестволық лабораториясы. Алматы, 1996;
- Еуропа журналистикасының тарихынан. Көмекші оқу құралы. Алматы, 1996;
- Кейілкердің адамгершілік проблемасы. Монография. Алматы, 1997;
- Парасат пен парыз. Әдеби зерттеу. Алматы, 1998.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify