Олег Мацкевич
Еңбектері
Натуралистжазушы М.Зверевпен бірігіп жазған алғашқы кітабы — «Голубая пещера» (1952). Алматы мен Мәскеуде шыққан «Дороги и встречи» (1959), «Огни Казахстана» (1959), «Сердце каменных гор» (1962), «Мангышлак — полуостров сокровищ» (1965), «Дорога через столетия» (1966) және басқа кітаптары бар. «Казахстанская правда» газетінде әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, Т.Шевченко, Ю.Фучик, В.Чапаев, Д.Фурманов сияқты қызық тағдырлы адамдар туралы «Путь в страну Семи рек» (1968), «Страница жизни генерала Лукача» (1969) деректі повестерін қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткерлері жайында «Самые светлые ночи» (1976) және «Вечно живые родники» (1974) кітаптарын жаз ды. «Жажда открытий (1968), «Автограф на память» (1979), «Три цвета радуги» (1985), «РозыЧерных тор» (1985), т.б. прозалық кітаптары шыққан. Бірнеше медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>