Құрбан Дауылбайұлы Оңғалбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:22, 2014 ж. мамырдың 15 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құрбан Дауылбайұлы Оңғалбаев (темір жол б. – 1938, Ашғабад) – кеңес, партия қызметкері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1928 ж. Мәскеудегі шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетін бітірген. 1928 – 30 ж. Ашғабад қаласындағы партия мектебінің меңгерушісі (ректоры), Түрікменстан Халық Комиссарлары оқу комитетінде коллегия мүшесі, Бас саяси басқарманың төрағасы. 1931 – 33 ж. Мәскеуде кадрлар дайындайтын институтта оқыды. Одан соң МТС-та, кейіннен саяси бөлімінің бастығы, аудандық партия комитетінің хатшысы, Ташховуз округтік партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. 1938 ж. ағасы С.Оңғалбаевпен бірге атылды.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub