Ұзақбай Сыздықбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ұзақбай Сыздықбаев Сыздықбайұлы (22.9.1925, Сарысу ауданы – 1997, Байзақ ауданы) – соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері. Кировоградтағы танк-техникалық училищесінде оқыды (1947). ҚазМУ-дің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) философия факультетін (1954), Мәскеу КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін оқып бітірді (1961). 2-дүниежүзілік соғыста, 1943 – 45 жылы 2-Украин майданында шайқасты. 1947 – 59 жылы Сарысу және Свердлов (қазіргі Байзақ) аудандарында Қазақстан Компартиясы ауданы комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі үшінші, екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1961 – 63 жылы Жамбыл ауданы кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1963 – 67 жылы Қордай ауданы партия комитетінің 2-хатшысы болды. 1967 – 83 жылы ҚКП Сарысу және Свердлов ауданы комитеттерінің бірінші хатшысы болып істеді. 1983 жылдан ардагерлер қатарында қоғамдық қызметке белсене ат салысты. Екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сарысу ауданында ауылға, көшеге, Байзақ ауданында көшеге Сыздықбаев есімі берілді.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала