Қалкөз Сіргебайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қалкөз Сіргебайұлы (1852, Төменарық өңірі – 1909, Ақшығанақ елді мекені) – би, қоғам қайраткері. Әкесі Сіргебай, арғы бабалары Бәйтілес, Барлыбайлар сөзін ұстаған адамдар. Қалкөз жастайынан дау-жанжалдарды шешуге қатысып, әділ төрелігімен көзге түскен. Ел ішінде ол жайлы «теңдік, шындық іздесең Қалкөзге жүгін, таңдайында әділдіктің ұясы бар» деген сөздер тараған. 1880 – 89 жылдары Жаңақорған және Төменарық болысын басқарды. Кейін Түркістан мен Жөлек арасындағы болыстардың үстінен қарайтын бас болыс болды. Көккесене, Иіртоғай, Құйысқанды қоныстанған елдер Қалкөз ауылы аталған. Қалкөзді ақындар Шәймен Дәрібайұлы, Бұдабай жырға қосқан. Ұрпақтары Түркістан, Жаңақорған, Төменарық, Қызылорда қалаларында тұрады. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub