Қалкөз Сіргебайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалкөз Сіргебайұлы (1852, Төменарық өңірі – 1909, Ақшығанақ елді мекені) – би, қоғам қайраткері. Әкесі Сіргебай, арғы бабалары Бәйтілес, Барлыбайлар сөзін ұстаған адамдар. Қалкөз жастайынан дау-жанжалдарды шешуге қатысып, әділ төрелігімен көзге түскен. Ел ішінде ол жайлы «теңдік, шындық іздесең Қалкөзге жүгін, таңдайында әділдіктің ұясы бар» деген сөздер тараған. 1880 – 89 жылдары Жаңақорған және Төменарық болысын басқарды. Кейін Түркістан мен Жөлек арасындағы болыстардың үстінен қарайтын бас болыс болды. Көккесене, Иіртоғай, Құйысқанды қоныстанған елдер Қалкөз ауылы аталған. Қалкөзді ақындар Шәймен Дәрібайұлы, Бұдабай жырға қосқан. Ұрпақтары Түркістан, Жаңақорған, Төменарық, Қызылорда қалаларында тұрады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалкөз Сіргебайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}