Жатыр түсуі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жатыр түсуіЖатырдың түгелдей қынаптан шығуы. Ол жамбас қуысындағы Жатырмен байланысқан сіңірлер мен еттердің босаңсуынан, жыртылуынан, әйелдің қатты жүдеуінен, ауыр жүк көтеруінен, т.б. пайда болады. Жатыр жартылай немесе түгелімен түсуі мүмкін. Бұл көбінесе 50-ден асқан әйелдерде кездеседі. Жатыр төмен түскенде, әйелдің белі сыздап ауырады, ас қорыту процесі, кіші және үлкен дәретінің жүруі бұзылады, бірақ етеккірдің келу мерзімінде өзгеріс болмайды.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify