Ванкель қозғалтқышы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ВАНКЕЛЬ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ — роторлы-поршеньді іштен жану қозғалтқышы. Оны 1957 ж. Ф. Ванкель (1902 ж.т., Германия) құрастырған. В. қ-нда — арнаулы пішінді цилиндр қорап (корпус) ішінде айналатын ротор (поршень) пайдаланылады. Ротор білігі тісті доңғалақпен берік байланыстырылған әрі ол жылжымайтын шестернямен ілініскен. Ротор тісті доңғалақпен бірге шестерняны айнала жылжиды, ал оның жақтары камераның айнымалы көлемін бөле (қия) отырып, қораптың ішкі бетімен сырғанайды. Мұндай құралым, арнаулы газ үлестіру механизмін пайдаланбай-ақ, 4 тактілі циклді ат-қаруға мүмкіндік береді. Қоспа түзілу, от алдыру, майлау, суыту және жүргізу (іске қосу) принциптері кәдімгі поршеньді іштен жану қозғалтқышындай болады. Іс жүзінде үшжақты роторы бар В. қ. қолданылады. Оның шестерня мен тісті доңғалақ радиустарының қатынасы r:R=2:3 (суретті қ.). В. қ. автомобильдерге (мыс., жапонның “Маздасында”), қайықтарға, тік ұшақтарға, т.б. қондырылады. В. қ-ның массасы мен өлшемдері онымен қуаты бірдей кәдімгі іштен жану қозғалтқышынан 2 — 3 есе кіші болып келеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub