Ванкель қозғалтқышы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ВАНКЕЛЬ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ — роторлы-поршеньді іштен жану қозғалтқышы. Оны 1957 ж. Ф. Ванкель (1902 ж.т., Германия) құрастырған. В. қ-нда — арнаулы пішінді цилиндр қорап (корпус) ішінде айналатын ротор (поршень) пайдаланылады. Ротор білігі тісті доңғалақпен берік байланыстырылған әрі ол жылжымайтын шестернямен ілініскен. Ротор тісті доңғалақпен бірге шестерняны айнала жылжиды, ал оның жақтары камераның айнымалы көлемін бөле (қия) отырып, қораптың ішкі бетімен сырғанайды. Мұндай құралым, арнаулы газ үлестіру механизмін пайдаланбай-ақ, 4 тактілі циклді ат-қаруға мүмкіндік береді. Қоспа түзілу, от алдыру, майлау, суыту және жүргізу (іске қосу) принциптері кәдімгі поршеньді іштен жану қозғалтқышындай болады. Іс жүзінде үшжақты роторы бар В. қ. қолданылады. Оның шестерня мен тісті доңғалақ радиустарының қатынасы r:R=2:3 (суретті қ.). В. қ. автомобильдерге (мыс., жапонның “Маздасында”), қайықтарға, тік ұшақтарға, т.б. қондырылады. В. қ-ның массасы мен өлшемдері онымен қуаты бірдей кәдімгі іштен жану қозғалтқышынан 2 — 3 есе кіші болып келеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ванкель қозғалтқышы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}