Фабулит

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:26, 2011 ж. қарашаның 30 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Фабулит — жасанды минерал, стронций титанаты. Химиялық формуласы: SrTіO3. Құрамы жағынан перовскитке жақын, 1953 жылдан өндіріліп келеді. Моос шкаласы бойынша қатт. 6, тығызд. 1,513 г/см3, изотропты, морт сынады, сәуле сындыру көрсеткіші 2,41. Рентген сәулесін өткізбейді, ультракүлгін сәулемен әсер еткенде люминесценция құбылысы байқалмайды. Фабулит негізінен зергерлік бұйымдар жасау үшін пайдаланылады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify