Жасыту

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:31, 2011 ж. қарашаның 25 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жасытуматериалдарды термиялық әдіспен өңдеудің түрі; материалдарды қыздыру, ал содан кейін жылдам салқындату процесі. Жасыту процесінің нәтижесінде материал қалыпты температурада (200С) өзіне тән емес тепе-теңсіздік құрылымдық жағдайда болады. Мысалы, болатты аустенит күйіне дейін қыздырып, содан кейін салқындатса, аустенит феррит және цементитке ыдырайды. Осының нәтижесінде болаттың қаттылығы, пластикалығы, тұтқырлығы, магниттік қасиеттері, т.б. өзгереді. Түсті металдарды және олардың қорытпаларын да жасыту арнаулы пештерде әр түрлі орталарда (ауа, сұйықтық, балқытылған тұз, т.б.) жүргізіледі. Кей жағдайларда жасытуды тотықтырғыш, бейтарап, т.б. арнаулы газдарда жүргізеді. Түсті металдарды жасыту әр түрлі температурада атқарылады. Мыс және оның қорытпаларын 500 — 6500С; никель және оның қорытпаларын 750 — 9000С; алюминий, магний және олардың қорытпаларын 300 — 4500С; мырыш және оның қорытпаларын 200 — 3000С аралығында жасытады.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала