Жасыту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жасытуматериалдарды термиялық әдіспен өңдеудің түрі; материалдарды қыздыру, ал содан кейін жылдам салқындату процесі. Жасыту процесінің нәтижесінде материал қалыпты температурада (200С) өзіне тән емес тепе-теңсіздік құрылымдық жағдайда болады. Мысалы, болатты аустенит күйіне дейін қыздырып, содан кейін салқындатса, аустенит феррит және цементитке ыдырайды. Осының нәтижесінде болаттың қаттылығы, пластикалығы, тұтқырлығы, магниттік қасиеттері, т.б. өзгереді. Түсті металдарды және олардың қорытпаларын да жасыту арнаулы пештерде әр түрлі орталарда (ауа, сұйықтық, балқытылған тұз, т.б.) жүргізіледі. Кей жағдайларда жасытуды тотықтырғыш, бейтарап, т.б. арнаулы газдарда жүргізеді. Түсті металдарды жасыту әр түрлі температурада атқарылады. Мыс және оның қорытпаларын 500 — 6500С; никель және оның қорытпаларын 750 — 9000С; алюминий, магний және олардың қорытпаларын 300 — 4500С; мырыш және оның қорытпаларын 200 — 3000С аралығында жасытады.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жасыту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}