Эквиваленттілік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Эквиваленттілік (лат.aeguivalens - шамалас, мәндес) логикада - екі пікірдің ақиқаттық маңызының бірдей (яғни екеуі де ақиқат немесе екеуі де жалған) болатындығын білдіретін пікірлер (пайымдаулар, жорамалдар, формулалар) арасындағы қатынас. "Э" термині неғұрлым кең мағынасында, теңдік типінің алуан түрлі қатынастарын, яғни рефлекстік, симметриялылық және алмастурышылық қасиеттері бар қатынастарды белгілеу үшін де қолданылады. Мұндай қатынастарға геом. фигуралар көлемінің бірдей немесе әр түрлі болуы, көп түрлілік күшінің әр алуан болуы (Көптүрлік теориясы), қандай да болсын жүйелердің изоморфизмі (Изоморфизм және гомоморфизм), түзу сызықтардың немесе көлбеулердің паралелдігі мысал бола алады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"</ref>