Пайымдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пайымдаулогикалық ойлаудың екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілгерілеуі білм шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән. Мұның өзі құбылыстарды дұрыс топтастыруға, білімдерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Пайымдау индивидтің, әсіресе, утилитарлық міндеттерді орындауға үйреншікті жағдаяттарға ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз етеді. Пайымның шектеулілігі оның икемсіздігі мен кесімдігі оның талдап отырған мазмұнынан шыға алмайтындығы болып табыkады. Пайымдау — ойлау процесінің белгілі бір сатысы немесе ой тұжырымдаудың түрі; басты бір мәселеге жауап қайтаруда бір-бірінен туындайтын ой-пікірлер туындысы. Пайымдау — ойлаудың алғашқы сатысынан оның тұжырымына өту жолы. Бірақ пайымдау туралы түсініктер бірден жүйеленбейді, бірін-бірі толықтыра да бермейді. Философия тарихында пайымдауды ғылыми танымға қабілеттілік (Кант), анықтамаларды шектейтін білімнің калыптасу кезеңі (Гегель) дейтін түсініктер бар. Пайымдау — құбылыстың себебі мен байланысын анықтайтын ақыл-ойдың құрамдас бөлігі, тіл табысудың алғашқы деңгейі. Пайымдау тәсілін сипаттау, жинақтау және дәлелдеу — логиканың негізгі міндеттерінің бірі.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}