Садждх

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Садждх мұсылман аңыздарында жалған Пайғамбар әйел, Мұхаммедке (Садждха.у.) еліктеп өзін Аллаһтың Елшісімін деп жариялан, Исламды қабылдаған арабтардың бір бөлігін жаңа діннен бөлініп шығуына итермелегендердің бірі. Тарихи шындықта - алғашқы Исламның бір бөлігі болған, VII ғ-дағы Арабиядағы Пайғамбарлық қозғалысқа тән тұлғалардың бірі. Садждх таглиб тайпасы арасында өскен және олардың арасында тараған христиандықпен жақсы таныс болған. Ол Мұхаммедтің (Садждха.у.) көзі тірісінде-ак «бұлтар әміршісі» деп аталған Тәңірі атынан насихат жүргізді. Арнаулы мінбелерден өзінің «қасиетті сөзін» сөйледі, оның намазға шақыратын азаншысы болды. Садждх ниеттестерімен бірге Ирактан өзі шыққан тамим тайпасының ортасына қоныс аударып, тайпаның өзара жауласып жүрген өліктерінің басын қосып, оларды сырт жерлерге шапқыншылықтарға бастады, тайпаның саяси көсеміне айналды. Бірде сәтсіз жорықтардан соң тамимдықтар 633 ж. ханифа тайпасының басшысы Маслам (Мүсайлима) «Пайғамбар» ішкі алауыздықтармен және мұсылмандар шапқыншылығына қарсы күрес жүргізіп жатқан Йемамға басып кірді.Ол тамимдықтарға Иемамның екі жылғы астық өнімінің жартысын төлеп құтылды. Садждх Масламмен уақытша келісім шарт жасады, бұл мұсылман аңыздарында олардың үйлену тойын өткізгені туралы және садждхтың Масламмен бірге қоян-қолтық жүріп мұсылмандарға қарсы шайқаста қайтыс болғаны туралы оқиғаға айналған. Ал шын мәнісінде Садждх Йемамға жорықтан соң Иракқа қайтып келіп, кейінірек Ислам дінін қабылдаған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Islam-stub