Көкалақұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

КӨКАЛАҚҰМҮлкен Борсық құмының оңтүстік бөлігіндегі құмды алқап. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылынан 7 км жерде орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 5 – 6 км. Теңіз деңгейінен шамамен 140 м биіктікте жатыр. Жалды шағыл құмдардың шетінде Қызғалдақ, Жиек, т.б. қыстаулар орналасқан. Палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан. Жер асты суы 1 – 25 м тереңдіктен шығады. Қоңыр топырағында жусан, шеңгел, жүзгін, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub