Көкалақұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:05, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
КӨКАЛАҚҰМ– Үлкен Борсық құмының оңтүстік бөлігіндегі құмды алқап. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылынан 7 км жерде орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 5 – 6 км. Теңіз деңгейінен шамамен 140 м биіктікте жатыр. Жалды шағыл құмдардың шетінде Қызғалдақ, Жиек, т.б. қыстаулар орналасқан. Палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан. Жер асты суы 1 – 25 м тереңдіктен шығады. Қоңыр топырағында жусан, шеңгел, жүзгін, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>