Кеттітақыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:28, 2014 ж. мамырдың 29 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
КЕТТІТАҚЫР– Бетпақдала жазығының шығыс бөлігіндегі қоныс. Жамбыл облысы Сарысу ауданында орналасқан. Кеттітақыр қонысы батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 390 – 400 м биіктікте. Жонды-белесті келген жазықта тақыр типтес сортаңды, сұр қоңыр топырағы қалыптасқан. Тұран жусаны, баялыш, сексеуіл өседі. Маңында Сортаң, Соркілем, тағы басқа қоныстар бар. Батысында Көкөрім, Тоқымтыққан құдықтары орналасқан.
<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>