Жүзімсай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:35, 2014 ж. мамырдың 29 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Жүзімсай– Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы өзен. Келес өзені алабында. Бастауын Қаржантау және Қазығұрт жоталары аралығынан алады. Ұзындығы 20 км. Жүзім алабы маңында Келес өзеніне құяды. Арнасы тар, тау шатқалдарымен, Ұясай, Қызылатасай өзендерімен қатар ағады. Суы Жетібай, Жүзім алабында жүзім шаруашылығына пайдаланылады.