Еңсеп
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:22, 2014 ж. маусымның 16 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Сурет:Chlorostilbon mellisugus.jpg
190pxЕңсеп
Еңсеп , мелисситус (Melіssіtus) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық сирек бір жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, өзен жағалауларында, орман, бұталар арасында өсетін 6 түрі бар. Бұлардың биікт. 15 – 40(100) см, сабақтары тік немесе жатаған, сыртын түк жапқан. Тостағанша жапырақтары қоңырау тәрізді, күлтесі сары кейде көкшіл түсті. Аталығы 9, түтікше тәрізді бірігіп кеткен. Үш жапырақты гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бүйрек тәрізді бұршақ. Еңсеп бағалы мал азығы, құнарлылығы жағынан жоңышқаға жақын. Балды өсімдік. Мәдени түрде де өсіруге болады. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references />