Еңсеп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еңсеп , мелисситус (Melіssіtus) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық сирек бір жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, өзен жағалауларында, орман, бұталар арасында өсетін 6 түрі бар. Бұлардың биікт. 15 – 40(100) см, сабақтары тік немесе жатаған, сыртын түк жапқан. Тостағанша жапырақтары қоңырау тәрізді, күлтесі сары кейде көкшіл түсті. Аталығы 9, түтікше тәрізді бірігіп кеткен. Үш жапырақты гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісібүйрек тәрізді бұршақ. Еңсеп бағалы мал азығы, құнарлылығы жағынан жоңышқаға жақын. Балды өсімдік. Мәдени түрде де өсіруге болады. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еңсеп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}