Дүңгілше

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дүңгілше (Turrіtіs) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда далалық, шөлді, таулы аймақтардың шалғынды жерлерінде, тастақты беткейлерінде, қарағайлы ормандарда, жол бойларында, егістіктердің арасында өсетін 1 түрі – жылтыр Д. (Т. glabra) бар. Биікт. 50 – 100 см. Сабағы тік өседі, сыртын түк басқан. Жапырақтары ұзынша, шеті тісті тілімденген. Тостағанша жапырақтарының негізі дорба сияқты. Күлтелері ақшыл сары түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – екі қақпақшалы бұршаққын.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub