Қорамсақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қорамсақ<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>, қорамса, қорам – садақ оғы (жебе) қабының бір түрі. Түркі халықтары 13 – 14 ғасырдан бастап кеңінен қолданған. Қазақ жауынгерлері қорамсақты 19 ғасырға дейін қолданған, ол әскери жабдық ретінде ауыз әдебиетінде жиі айтылады. Қазақтар қолданған қорамсақтардың ұзындығы 50 – 60 сантиметр, ені 15 – 20 сантиметр болды. Садақ оқтары басы төмен қаратылып салынған. Қорамсақтар матадан, жұмсақ былғарыдан, көне теріден жасалынып, беттерін ою-өрнекпен, оюланған металл (алтын, күміс, жез) жапсырмалармен әшекейлеген. Ертеде қорамсаққа жауынгерлік белгі ретінде қабыланның құйрығынан, аттың қылынан шашақтар таққан.
Пайдаланған әдебиетттер
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала