Қорамсақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қорамсақ<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>, қорамса, қорам – садақ оғы (жебе) қабының бір түрі. Түркі халықтары 13 – 14 ғасырдан бастап кеңінен қолданған. Қазақ жауынгерлері қорамсақты 19 ғасырға дейін қолданған, ол әскери жабдық ретінде ауыз әдебиетінде жиі айтылады. Қазақтар қолданған қорамсақтардың ұзындығы 50 – 60 сантиметр, ені 15 – 20 сантиметр болды. Садақ оқтары басы төмен қаратылып салынған. Қорамсақтар матадан, жұмсақ былғарыдан, көне теріден жасалынып, беттерін ою-өрнекпен, оюланған металл (алтын, күміс, жез) жапсырмалармен әшекейлеген. Ертеде қорамсаққа жауынгерлік белгі ретінде қабыланның құйрығынан, аттың қылынан шашақтар таққан.

Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қорамсақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}