Тектониттер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:15, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тектониттер – тектоникалық күштер әсерінен құрамындағы минералдары бір-біріне үйкеліп, уатылған, жентектелген немесе қайтадан кристалданған тау жыныстарының жалпы атауы. Оларға милониттерді (грекше mіles – диірмен),филлониттер мен катаклазиттерді жатқызуға болады. Милониттер – өте ұсақталған, жік-жапсары анық байқалатын тау жыныстары. Катаклазиттер (тектоникалық брекчиялар) ірі болады. Филлониттер – миллониттену процесі нәтижесінде қалыптасқан тау жыныстары. Тектониттердің ең басты түрі – серпентиниттің сынықтарынан құралған тектоникалық меланж (серпентинитті меланж) болып саналады. Тектониттердің сынықтары үшкір кейде өткір пішінді, үйкелістен жылтыраған болып келеді. Милониттердің метаморфизмі кезінде оларда дала шпатының өзгерген кристалы – бластомилониттер пайда болады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub