Серпентинит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серпентинит, жылантас — серпентин тобындағы минералдардан тұратын метаморфтық тау жынысы. Серпентинит терминін петрографияға 1933 ж. В.Лодочников (1887 — 1943) енгізген. Түсі сарғыш жасылдан жасыл-қараға дейін; бітімі шомбал, тақтатасты, жыланға ұқсаған теңбіл. Құрылымы ұсақ түйірліден әр келкі түйірліге дейін болады. Серпентинит ультранегізді тау жыныстарына гидротермалды ерітінділердің тигізетін әсерінен құрамында магний карбонаты бар шөгінді тау жыныстардың, ультранегізді тау жыныстарының жапсарлық метаморфизмінен түзіледі. Қазақстанда Мұғалжар, Қостанай, Торғай, т.б. өңірлерде асбест, магнезит, тальк, хромит, мыс, никель, кобальт, платина кендерімен бірге кездеседі. Серпентиниттен тыңайтқыш, отқа төзімді бұйымдар, құрылыс материалдары, т.б. дайындалады. Шала мөлдір түрлері (офикальцит) әшекей тас ретінде қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Серпентинит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}