Жиделі (құдық)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:53, 2016 ж. мамырдың 17 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету
ЖИДЕЛІ– Арал маңы Қарақұмының оңтүстік-шығысында орналасқан құдық. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында. Бәйбішетаудың батысында 18 км жерде, теңіз деңгейінен 200 м биіктікте. Тереңдігі 4 м, су шығымы 300 л/сағ. Құдық бойымен Арал маңы Қарақұмындағы жайлауларға баратын жалғыз қара жол өтеді. Солтүстік-батысында 1 км жерде 220 м-лік оқшауланған төбе бар. Айналасында сексеуіл шоғыры жиі кездеседі.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>