Бисенғали Ғизатов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бисенғали Ғизатов 10.5.1925 жылы туған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы) - музыкатанушы, өнертану кандидаты (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991).
Алматы консерваториясын (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, В.П. Дерновадан дәріс алған) бітірген (1953). 1953 - 57 жылдары Алматы музыкалық училищесінде қызмет етті. 1957 -63 жылдары "Жазушы" баспасында музыкалық редактор болды. 1966-91 жылдары Әдебиет және өнер институтында музыка бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер; 1991 жылдан респупликалы дәрежедегі зейнеткер.
Шығармалары:
- Домбыра үйрену мектебі (Л.Хамидимен бірге), Алматы, 1983, 3-6асылым;
- Латиф Хамиди, Алматы, 1966;
- Академик Ахмет Жубанов, Алматы, 1972;
- Мектепте ән-музыка сабағы, Алматы, 1994, 3-басылым;
- Абай и музыка, Алматы, 1995.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub