Бисенғали Ғизатов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бисенғали Ғизатов 10.5.1925 жылы туған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)) - музыкатанушы, өнертану кандидаты (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991).

Алматы консерваториясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, В.П. Дерновадан дәріс алған) бітірген (1953). 1953 - 57 жылдары Алматы музыкалық училищесінде қызмет етті. 1957 -63 жылдары "Жазушы" баспасында музыкалық редактор болды. 1966-91 жылдары Әдебиет және өнер институтында музыка бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер; 1991 жылдан респупликалы дәрежедегі зейнеткер.

Шығармалары:

  • Домбыра үйрену мектебі (Л.Хамидимен бірге), Алматы, 1983, 3-6асылым;
  • Латиф Хамиди, Алматы, 1966;
  • Академик Ахмет Жубанов, Алматы, 1972;
  • Мектепте ән-музыка сабағы, Алматы, 1994, 3-басылым;
  • Абай и музыка, Алматы, 1995.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub