Жаннат Ысмағұлқызы Сардарова
Үлгі:Ғалым Жаннат Ысмағұлқызы Сардарова — педагогика ғылымының докторы (2008), доцент.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1965 жылы 19 қазанда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында туған.
Гурьев (Атырау) педагогикалық институтын (1988, қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті), Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1995) бітірген.
1988-90, 1996-2006 жылдары қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, 2006 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Бүгінгі күні қызметін Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жалғастыруда.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – бастауыш мектепті ақпараттандыру.
"Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы және практикасы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
50-ден астам ғылыми еңбектің, 1 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқаудың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>