Ғосман Кәрімұлы Әмрин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:04, 2026 ж. ақпанның 11 кезіндегі Эльмира 76 (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ғосман Кәрімұлы Әмрин

1961 жылы 9 ақпанда Ақмола облысының Жақсы ауданының Жақсы кентінде туған. Қазақ.

Әкесі - Әмрин К.Ә. 1924 жылы дүниеге келген, 1995 жылы дүниеден өткен, Ұлы Отан Соғысына (УОС) қатысқан, инженер-құрылысшы болған. Анасы - Әмрина 1929 жылы туған, батыр-ана, зейнеткер.

Ғосман Кәрімұлы Әмрин Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында физика-математика факультетінде физика мамандығын 1982 жылы; Ф. Дзержинский атындағы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) Жоғары мектебін арнаұлы жоғары білімі бар және шетел тілін білетін офицер мамандығын 1987 жылы; Ю.В. Андропов атындағы Қызылтұлы КСРО МҚК институтын 1989 жылы бітірген.

Личная санитарная авиация (ЛСА) , International Monetary Fund (IMF) - Халықаралық валюта қоры, United Nations Development Programme (UNDP) - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы халықаралық ұйымдарының бағдарламалары бойынша бір қатар тренингтер мен сынақ істерінен өткен.

Экономика тақырыбына бір қатар жарияланымдар авторы.

Қазақ, орыс және француз тілдерін біледі.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партияның (ХДП) мүшесі.

1982 жылдан - Торғай облыстық халыққа білім беру бөлімінің бастапқы ескери дайындық жөніндегі инспекторы. 1982 жылдың қараша айынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1984 жылдан Торғай облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының физика және оқытудың техникалық Құралдары кабинеттерінің меңгерушісі. 1985-1993 жылдары - Қазақстанның МҚК, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) органдарында қызметте. 1993 жылдан Қазақстан Республикасындағы ҚР RENAULT және SODECHANGES өкілдігінің басшысы. 1995 жылдың қаңтар айынан - «ALDOS » фирмасының атқарушы директоры. 1996 жылдың шілде айынан - ҚР Президенті жанындағы Жоғары Экономикалық Кеңес Хатшылығы секторының меңгерушісі. 1997 жылдың наурыз айынан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Стратегиялық талдау департаментінің директоры, 1998 жылдан - Бюджеттік бағдарламалар департаментінің директоры. 1999 жылдан - ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2001 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары. 2001 жылдан - ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2003 жылдың қараша айынан - «Инжиниринг және технология трансферті орталығы» АҚ-ның президенті. 2004 жылдың мамыр айынан ҚР Индустрия және сауда министрінің бірінші орынбары. 2004 жылдың желтоқсанынан - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның Басқармасының төрағасы. 2006 жылдан мамыр айынан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі - директорп кеңесінің төрағасы. 2007 жылдың қаңтар айынан - «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы 2009 жылдан - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқармасының төрағасы.

2010 жылдың қазан айынан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1981) марапатталған

Әскери атағы - полковник.

Діни көзқарасы - ислам дінің ұстанады.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Мұхаммад.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Аймақтық даму көшбасшысы, заманауи халықаралық даму үдерістеріне белсенді қатысушы».

Хоббиі - гүл өсіру, балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - философия, эзотерика, экономика

Үйленген. Жұбайы - Әмрина Гүлжан Аралтайқызы (1965 жылы туған), физика пәнінің мұғалімі. Ұлы - Әмрин Әлжан Ғосманұлы (1991 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала