Мыңшұңқыр (қоныс)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

МыңшұңқырБалқаш көлінің солтүстік-батысында, Мойынты өзенінің сағасынан оңтүстікке қарай орналасқан қоныс. Солтүстігін Жуантөбе тауы, оңтүстігін Балқаш көлі, батысын Мойынты – Шу темір жолы, шығысын Ақирек тауы қоршап тұр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылып жатыр, ені 25 – 30 км. Төрттік дәуірдің аллювийлік-делювийлік борпылдақ шөгінділері жауып жатқан карбон жыныстарынан түзілген. Сұр, сұр құба, сортаң топырағында түрлі жусан, баялыш, бұйырғын, тағы басқа шөлдік өсімдіктер өседі. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub